Сатып алған тауарыңыз сапасыз болса...

 Атырау қаласының тұрғыны 2023 жылдың 8 қазан күні әлеуметтік желі арқылы интернет дүкеніне көкөніс кесетінге (овощерезко) тапсырыс береді. Сол күні тұтынушыға дүкен менеджері хабарласып, 3-5 күн ішінде тауар жеткізілетіндігін, тауардың құны 11 900 теңге және жеткізу құны 3500 теңге екендігін айтады.

12 қазан күні аталған тауар тұтынушыға жеткізіледі. Алайда, келген тауарды ашып- тексеріп қарағанда, басқа көкөніс кесетін тауар екендігі анықталады. Яғни, тапсы­рыс берілген тауарындай емес.

Осыған байланысты, тұтынушы Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданды.

Өз кезегінде, Департамент тарапы­нан тұтынушыға наразылық дайындап беруде консультативтік көмек көрсетті. Аталған наразылық тұтынушы тарапынан сатушыға жолданды.

Нәтижесінде, интернет дүкені тара­пынан тұтынушыға 15 400 теңге (жеткізу құнын қоса алғанда) қайтарылып берілді.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңына сәйкес, тұтынушылардың тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға не­месе қайтарып беруге құқығы бар.

Заңның 30 бабына сәйкес, мыналарды:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды;

2) іш киімді;

3) шұлық-ұйық бұйымдарын;

4) жануарлар мен өсімдіктерді;

5) метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес матери­алдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линоле­умды, багетті, пленканы, клеенканы;

6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пай­даланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбаста­уды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Егер тауарды сатып алу фактісін рас­тайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушы­дан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, онда тауарды айырбастау не­месе қайтару жүргізілуге тиіс.

Тұтынушы тауардың кемшіліктерін тапқан және оны ауыстыру туралы та­лап қойған жағдайда, сатушы (дайында­ушы) оны дереу ауыстыруға, ал сатушыға (дайындаушыға) тауардың сапасын қосымша тексеру (сараптама жасау) қажет болған кезде – тиісті талап қойылған кез­ден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға міндетті.

Өз құқығыңызды біліңіз. Тұтынушылық құқығыңыз бұзылған жағдайда, Аты­рау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне келуіңізге немесе «Е-Otinish» платформасы арқылы өтініш жазуға болады.

Біздің мекен жайымыз: Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 79 («Көрме орталығы» ғимараты, 2-қатар). Байланыс телефоны: 8 (7122) 52-03-91, 52-07-83.

Атырау облысы бойынша

сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521