Сарайшықтағы арнаулы қызмет алушылар тасқын қаупі жағдайында Атырау қаласына көшіріледі

Бұл туралы Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов хабарлады.

«Махамбет ауданы, Сарайшық ауылындағы №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 310 қызмет алушы бар. Ерекше күтімді қажет етушілерге орталықтың 90 маманы қызмет көрсетуде. Тасқын қауіпі төнген жағдайда, емделушілер Атырау қаласына эвакуацияланады. Орталықтағы емделушілер мен қызметкерлер үшін Атырау қаласы, Геолог шағын ауданы аумағындағы «Атырау - Доссор» тас жолы, құрылыс 252 А мекен-жайында орналасқан “Текфен Гате” ЖШС филиалының жатақханасы дайындалды. Қазіргі таңда жағдай бірқалыпты. Эвакуация үшін арнайы көліктер дайын» деді спикер Азамат Мәмбетов.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT