«Saraishyq Upgrade-2025» жастар форумы қорытындыланды

Атырауда өткен халықаралық «Saraishyq Upgrade-2025» жастар форумы шабыт, жаңа таныстық және жеңімпаздармен есте қалды.

Қазақстан мен көршілес елдерден келген 300ден астам жас 2 күн бойы мықтылардан дәріс тыңдап, шеберлік сағаттарында тәжірибе жинады. Ал өз саласында ерекшеленген 6 талант  500 000 теңгелік сыйақы иеленді.

 

 

Олар:
* Бисембай Бағыт – хореография (Атырау)
* Мағзомов Әнуарбек – маркетинг (Атырау)
* Әбілов Махамбет – музыка (Атырау)
* Әділов Нұрпейіс – кинематография (Атырау)
* Айсағали Қуанышбек – театр (Атырау)
* Балғабеков Еркебұлан – жасанды интеллект (Маңғыстау)

 

 

Форумда арнайы қонақтар – Ғалымжан Молданазар, Әділ Ахметов және Айтөре Жолдасқали жастармен ашық әңгіме құрды. Маркетинг, жасанды интеллект тақырыптары да кеңінен талқыланды.

Сарайшықтың тарихи атмосферасында өткен бұл форум – тек бас қосу емес, нағыз мүмкіндіктер алаңы болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT