Сайлау: Оң өзгерістерге қадам жасалуда

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әкімдердің сайлауы тікелей халықтың таңдауымен жүзеге асатынын атап өткен болатын.

2021 жылдың мамыр айының соңында Елбасы сайлау заңнамасына енгізілген түзетулерге қол қойды, соған сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері енді халықтың дауыс беруі арқылы сайланатын болады. Мұндай өзгерістер саясат пен тұрғындар арасындағы байланысты нығайта түспек.

Қарапайым тілмен айтқанда, жолдардың сапасы, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы дамытудағы әкімдердің қызметіне жергілікті тұрғындар өз ұсыныстарын айта алады. Халықтың әкімді өздері сайлауы қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің жұмысының жақсаруына әкеледі. Қалай болғанда да, қоғамда оң өзгерістер орын алады деп ойлаймын.

Нұрбақыт ДАЙРАБАЕВА,

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы,

заң ғылымдарының магистрі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT