Сайлау: Дауыс беру шетелдегі 44 учаскеде ғана жалғасуда

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының қорытынды статистикасы ертең ұсынылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдегі барлық учаскеде дауыс беру аяқталды. Дауыс беру тек елден тыс жерлерде, 44 учаскеде жалғасады. Дауыс беру процесін кандидаттардың сенімді адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқауды жүзеге асырды. Қорытынды статистика ертең ұсынылады», - деді Константин Петров Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысынжариялауға арналған брифингте.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521