SAILAU-2021: Сайлауға кімдер қатыса алады?

Орталық сайлау комиссиясы отырысының үшінші мәселесі бойынша Ортсайлауком мүшесі Серік Сыдықов баяндама жасады.

Өз баяндамасында ол өкілеттіктерді іске асыру, сондай-ақ сайлау процесіне қатысушыларды тіркеу мәселелерін түсіндірді: сенім білдірілген адамдар; саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары; шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары; қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері; шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдары.

Кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың өздеріне сайлау науқанын жүргізуге көмектесетін, сайлау алдындағы үгітті жүргізетін, кандидаттардың, саяси партиялардың мүдделерін білдіретін сенім білдірілген адамдары болуына құқылы.

Депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған саяси партия, өзіне кандидат берген өкілеттіктер шеңберінде әрекет ететін өкіл, ҚР азаматы сенім білдірілген тұлға бола алады. Сенім білдірілген тұлғаның мәртебесі оның тиісті АСК-те тіркелген сәтінен бастап туындайды. Сенім білдірілген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейін, жеке бастамасы бойынша, кандидаттың және партиялық тізімін ұсынған саяси партияның шешімі бойынша, сондай-ақ кандидатты, партиялық тізімді тіркеудің күші жойылған, «ҚР сайлау туралы» КЗ бұзылған жағдайларда өз мәртебесінен айырылады.

Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар сенім білдірілген адамдарын өз қалауы бойынша тиісті сайлау округіндегі әрбір сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда айқындайды және олар туралы тіркеу үшін тиісті сайлау комиссиясына хабарлайды.

Сенім білдірілген адамдарды тіркеу рәсімі ОСК-ның 2011 жылғы 21 қарашадағы «Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 62/108 қаулысымен айқындалған.

Сенім білдірілген адам ҚР азаматы болуға тиіс және қандай да бір сайлау комиссиясының мүшесі, мемлекеттік саяси қызметші лауазымындағы адам бола алмайды.

Дауыс беру күні тиісті сайлау округіндегі әрбір сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір кандидаттан немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партиядан бір сенім білдірілген адам қатысуға құқылы.

Саяси партиядан, өзге де қоғамдық бірлестіктен, коммерциялық емес ұйымнан байқаушылар. Дауыс беруге арналған үй-жайда (үй-жайдан тыс) дауыс берудің өткізілуін, дауыстарды санауды, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссиясының (Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезінде), учаскелік сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) байқауды жүзеге асыратын ҚР азаматы байқаушы болып табылады.

Дауыс беру күні тиісті сайлау округіндегі әрбір сайлау учаскесінде бір мезгілде ҚР әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан бір-бір байқаушыдан қатысуға құқылы.

Байқаушының мәртебесі УСК-да ол туралы деректерді есепке алу журналына енгізіліп, тіркелген сәттен басталады. Учаскедегі дауыстарды санау хаттамасын жоғары тұрған комиссияға (аудандық, қалалық) беру аяқталғаннан кейін, сондай-ақ ҚР заңнамасы бұзылған жағдайда байқаушы өз мәртебесін жоғалтады. Байқаушы өзінің мәртебесіне ие болады және барлық талап етілетін құжаттар ұсынылған және сайлау комиссиялары тарапынан барлық рәсімдік шешімдер қабылданған кезде ғана тиісті құқықтар мен міндеттерге ие болады.

Сайлауды байқау үшін жеке тұлғаны жіберген заңды тұлғаның құжатына өкілеттігі ұйымның құрылтай құжаттарымен, ұйым басшысының өкілеттік беру туралы өкімдік құжаттарымен немесе ұйым атынан белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға сенімхаттармен расталатын заңды тұлға қол қоюға тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталады және байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Бұл ретте заңды тұлға беретін құжат жеке тұлғаға берілетін өкілеттіктердің шекараларын (қандай сайлауды байқау үшін уәкілетті тұлға уәкілеттенеді; сайлау учаскесін және ол жіберілетін сайлау комиссиясының атауын көрсету), осы тұлға туралы мәліметтерді (тегі, аты және әкесінің аты) нақты айқындауға, сондай-ақ өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін шектеулердің жоқтығы туралы жазбаны қамтуға тиіс.

Заңды тұлғаның байқаушыны жіберу субъектісі ретінде құқықты қабілеттілігі оның тіркелу фактісін анықтау арқылы расталуы керек. Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша анықтама заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжат болып табылады.Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін растаумен қатар, оның қолданыстағы мәртебесі, яғни қызметінің тоқтатылуының және тарату рәсімдерінің басталуы фактілерінің болмауы талап етіледі.

Бұл ретте сайлауды байқау үшін адамдарды жіберетін субъектінің қызметі оны құру мақсаттарына сәйкес келуге тиіс, өйткені Азаматтық кодексте олардың құрылтай құжаттарында нысаны және мақсатын көрсету міндеттілігі туралы нормалар көзделген. Демек, ұйымдар азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мен қорғауға қатысты жарғылық мақсатына сәйкес келетін жағдайда адамдарды сайлауды байқауға жібере алады.

Сайлау процесіне қатысу, сайлау учаскелерінде байқау және тұтастай алғанда азаматтардың саяси құқықтарын іске асыру саласындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер ұйым жарғысының көшірмесімен расталуға тиіс.

Конституциялық заңға сәйкес шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіретін және (немесе) ықпал ететін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады. Осылайша, ҚР саяси партияларының, басқа да қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.

«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Баспасөз қызметі»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT