25 қазан – Республика күні және Мемлекеттік Егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай Атырау облыстық арнайы мектеп-интернатында «Менің Қазақстаным» атты патриоттық челлендж өтті.
Іс-шарада «Көк тудың желбірегені» әні шырқалып, оқушылар өз елінің тәуелсіздігіне деген мақтанышын ән, сурет және шығармашылық жұмыстар арқылы білдірді.
Ашық сабақтарда 1990 жылғы тарихи Декларацияның мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, жас ұрпақтың отансүйгіштік рухы одан әрі нығая түсті.
Бұл игі бастама жас буынның ұлттық құндылықтарға құрметін арттырып, ел болашағына деген сенімін күшейтті.

#RepublicDay
#25қазан
#Декларация35жыл
#МеніңҚазақстаным
#Атырау #ПатриоттықРух



