Референдумның маңызын түсіндірді

Есбол ауылдық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Айса Салтанов  Ортақшыл ауылының тұрғындарымен кездесіп, 5 маусым күні өтетін Республикалық референдумның маңызын түсіндірді.

-Бүгінгі кездесуіміздің негізгі мақсаты – конституциялық реформаның халық үшін керек екенін жеткізу. Президенттің  5 маусымда болатын жалпыұлттық референдум жайлы шешімі  алдағы күнге маңызды қадам жасауға жетелейді. 27 жылдан кейін өткелі отырған конституциялық референдумға ауыл тұрғындарының толықтай қатысып, өз ұстанымдарын білдіруі маңызды. Өйткені, Мемлекет басшысының референдум жариялаудағы басты мақсаты халықтың әл-ауқатын көтеру, әділеттілік орнату және елді дамудың даңғыл жолына түсіру - деді А.Салтанов ауылдастарымен  кездесуінде.

Ауыл тұрғындары референдумға қатысты түсінбей жүрген сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауап алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521