Референдум күні Атырауда 33 сәби дүниеге келді  

Жаңа туған шақалақтың 5-уі қыз. Атырау қалалық перзентханасында орналасқан №80 учаскеде 90 ана өз таңдауын жасады. Жергілікті уақытпен таңғы сағат 7-де алғаш болып Гауһар Бұзаубекова дауыс берді. Гаухардың бұл үшінші нәрестесі, бұған дейін егізін осыдан 9 жыл бұрын дүниеге әкелген. Перзентхана ұжымы бірінші болып таңдау жасаған келіншекке бала күтіміне арналған жиынтықты сыйға тартты.

- Мен өз балаларымның болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Дәрігерлерге алғысымыз шексіз, - дейді ол.

Ал 19 жастағы Камшат Қайратова бүгін алғаш рет ана атанды.

- Мен бүгін дәрігерлердің арқасында өз нәрестемді қолыма алғаныма қуаныштымын. Өз таңдауымды балаларымның болашағы үшін жасадым, - дейді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT