ҚР Президенті Атырау облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, Президентке тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды. Мемлекет басшысы алдағы уақытта да Атырау облысының даму қарқынын сақтап, одан әрі арттыру, өңір инфрақұрылымын жаңғырту қажет екенін атап өтті. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындар тобына жан-жақты қолдау көрсетуді, сондай-ақ барлық салалық бағдарламалардың уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521