Құқық бұзушыға ескерту жазасы тағайындалды

Ескерту жасалды.

Аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 667 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, А. Атырау – Орал тас жолының 52 шақырым тұсында «Toyota» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, автокөліктің жылдамдығын 114 шақырым жылдамдыққа асырып құқық бұзушылық жасағандығы үшін тоқтатқан кезде құқықтарын түсіндірген полиция қызметкеріне автокөлікті жүргізу құжаттарын көрсетуден бас тартып, заң талабына бағынбай, қарсылық білдірген.

Сот отырысында А. өзінің кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін, енді бұндай әрекеттерді қайталамайтынын айтқан. Сот қаулысына сәйкес азамат А. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 667 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ескерту жасалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

Cурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT