Құқықтық көмек баршаға көрсетіледі

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әрбір мемлекеттік қызметші халыққа қызмет етіп, абыройлы еңбегімен сенімін арттыру мақсатында қоғамдағы өзекті мәселелердің тез арада шешілуіне барынша қолдау көрсету қажеттілігін атап өткен болатын.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың 10 қазаны күні Жастар ресурстық орталығының ғимаратында аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Қалиев, Қоғамдық кеңес төрағасы С.Жайлашев, аудандық кәсіпкерлер палатасының менеджер-консультанты А.Хамидуллин, Жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Дүйсембаевтың қатысуымен азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойынша қоғамдық қабылдау өткізілді.

Қабылдауға келген Махамбет ауданының тұрғыны баспанамен қамтуға көмек сұрады, алайда оған мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға яғни, тұрғын үй тізімінде тұрғандарға кезекпен берілетіндігі түсіндірілді. Құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған жас маман жұмыс сұрай келді. Жас маманға «Жастар тәжірибесі» бойынша жұмысқа орналасуына немесе Махамбет ауданы әкімінің «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жарияланған конкурс бойынша құжаттар тапсыруға мүмкіндік бар екендігі түсіндірілді.

М.ТАСМАГАМБЕТОВА ,

аудан әкімі аппаратының

мемлекеттік құқықтық жұмыстары

бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT