Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияға тағы 15 қоғамдық ұйым қосылды

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалициясы ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.

Жиын барысында алдағы сайлау науқанына дайындықты ұйымдастыру мәселелері қаралды. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияға тағы 15 қоғамдық ұйым қосылды. Олардың қатарында ҚР Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстан Жазушылар одағы, «SERPIN» Ұлттық білім және инновациялар палатасы, «Bolashaq» қауымдастығы, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, Қазақстанның мүгедектер ұйымдарының одағы, «Адам құқықтары хартиясы» қоғамдық қоры бар. Сондай-ақ Халықтық коалицияға Цифрлық трансформация қауымдастығы, Республикалық әйелдердің кеңесі, Қазақстан Футбол федерациясы, «Әкелер Одағы», «Ассамблея жастары», «Халықаралық құқық қорғау орталығы», Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы, Қазақстанның «OSHAQ» Жергілікті қоғамдастықтарының Халық Конгресі де қосылды.

«SERPIN» Ұлттық білім және инновациялар палатасының төрағасы Мұрат Әбеновтың айтуынша, қоғамдық күштер коалицияға біріккендіктен де бұл сайлау науқаны жаңа форматта өтеді. «Bolashaq» қауымдастығының мүшелері де Халықтық коалицияға кіретіндерін мәлімдеді.

«Біз ішкі және сыртқы саясатымыздың тұрақтылығы мен сабақтастығын көрсетуіміз керек», – деді Қауымдастықтың атқарушы директоры Әлішер Дүнгенин.

«Мен 30 жылдан астам уақыттан бері адам құқықтарын қорғаумен айналысып келемін. Біз көпшілікке адам құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын бірлесіп түсіндіру үшін коалицияға қосыламыз», – деді «Адам құқықтары хартиясы» қоғамдық қорының басшысы Жеміс Тұрмағамбетова.

Цифрлық трансформация қауымдастығының өкілі Сергей Остапюктың пікірінше, бүгінде Қазақстанда IT нарық қарқынды дамып келеді. «Осыны ескере отырып, біздің Қауымдастық бүгін Халықтық коалицияға кіреді», – деді ол.

Жиында өңірлерде үгіт-насихат іс-шараларын өткізу, кандидаттың байқаушылары мен сенімді тұлғаларын оқыту, сайлау науқанының құқықтық аспектілері және т.б. мәселелер талқыланды. Отырыс барысында қатысушылар үгіт-насихат науқанын жүргізу үшін кандидаттың сайлау қорына қаражат жинауға қатысты мәлімдеме жасады. Халықтық коалиция мүшелері сайлау қорына қаржылай қолдауды кандидаттың жақтаушылары тек ерікті түрде жасайтынын алға тартты. О

сыған байланысты мәжбүрлеп ақша аударту туралы тараған ақпарат арандату болып табылады. Халықтық коалиция мұндай әрекеттерді қатаң айыптайды және тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгінеді. Құқыққа қайшы қандай да бір әрекеттер анықталған жағдайда, Халықтық коалиция штабына келесі байланыс нөмері арқылы хабарласуды сұраймыз: + 7 7172 707 616.

Халықтық коалицияның баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521