«Қонаққа барам деп опық жеп қалмайық»

Әрине, әлемді жайлаған індет елімізге келіп жеткені өкінішті-ақ.

Мен ауыл-аймақ жұртының қыдырып, қонақ шақырып, ас беріп жатқан аңғалдығынан, білместігінен, дарқандығынан, қонақжайлығынан опық жеп қалмаса екен деймін. Бұл аты жаман вирус жай ғана ауру ғана емес, індет. Бір адам бірнеше күнде  жалпақ ел-жұртқа жұқтырып, арты орны толмас қайғы-қасіретке қалдыруы әбден мүмкін. Одан сақтанудың тек бір ғана жолы-үй араламай, өз үйінде отыру дер едік.

Бұл тез таралатын жұқпалы дерт. Енді соған бір ай шыдасақ болмай ма? Соншама қиын дүние ме? Әлде ажалмен арпалысқан дұрыс па? Ақылға салып, сабырға келіп, үйде отырған дұрыс. Үкімет те, дәрігерлер де қолынан келгенін жасап жатыр. Дерт үйде отырмай, жаппай тараса, сізге ешкім көмектесе алмайды.

Бар күш-жігеріміз-бірлікте екенін ұмытпаңыз! Бірлессек қана қауіпті дертті жеңеміз. Түрлі қауесет-әңгімеге құлақ түрмей, оған сенбей, тек халықты аман алып қалу үшін жұмыстанайық, ағайын!

Әрқашан елімізге тыныштық, амандық болсын!

М.Шуақбаев,

Атырау облыстық туберкулезге қарсы

диспансерінің балалар бөлімі меңгерушісі,

жоғарғы санатты дәрігер 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT