Қазақтың ақыны Есенғали Раушанов өмірден өтті

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов өмірден өтті.

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ақберен Елгезек естіртті.

"Қадірлі ағайын! Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтан айырылып қалдық. Алла алдынан жарылқасын. Асыл рухы бейіштің төрінде шалқысын. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі", - деп жазды ақын Facebook желісіндегі парақшасында. Есенғали Әбдіжаппарұлы 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда Хожелы қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын Өзбекстанның Жызақ облысы Мырзашөл ауданындағы "Достық" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып бастаған. Кейіннен "Жалын" журналында бөлім меңгерушісі, "Арай" журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, "Зерде" (бұрынғы "Білім және еңбек") журналының бас редакторы, 1995 жылдан "Жазушы" баспасының директоры болған.

Алғашқы жыр жинағы "Бастау" деген атпен 1980 жылында жарық көрді. Кейін ұлт бостандығы, туған дала тарихы туралы жазған.

Дереккөз: tengrinews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521