Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар протездік құралдарға портал арқылы өтінім бере алады

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады.

Мүгедектігі бар адамдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап техникалық оңалту құралдарының (бұдан әрі – ТОҚ)  және мемлекеттік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтерге тапсырыс бере алады. 

Мүгедектектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, дыбыстық техникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен, сондай-ақ мүгедектер арбаларын беруді қамтиды. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторийлердің қызметтері жатады.

Бүгінгі күні TОҚ және жоғарыда аталған қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады. Бұл процедураларды жүргізудің ұзақтығына байланысты қызметтер алуға мүгедектік күнінен бастап 8 айға дейін созылуы мүмкін. Мүгедектігі бар адамдар тендер жүйесі оларға мүлдем сәйкес келмейтіндігін айтады. Жыл сайын қызмет көрсету сапасы мен медициналық құрылғылардың нашарлауына шағымданып жатады.

"Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің бүкіл аумағы бойынша әлеуметтік қызметтер порталын енгізуге ниетті. Бұл TОҚ және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған бизнес-процестердің уақытын оларды проактивті формат арқылы тағайындауды 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, портал қызметтер мен оңалту құралдарын алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу мәселелерін шешеді, өйткені мүгедектігі бар адамдар тауар мен қызметтің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың өтініштеріне сәйкес техникалық жабдықтар мен оңалту қызметтерінің белгіленген құнын өтеу механизмі көзделген. Ол порталда қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша төлемдерді іске асыру функциясы қолжетімді болады деген сөз", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, сертификатталған мамандардың кең ауқымы қол жетімді болып, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (бұдан әрі – МӘМ) бірыңғай тізілімінде барлық МӘМ жабдықталуы мен жұмыс жүктемесі ескерілетін болады.

Порталды енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ "бір терезе" арқылы уақтылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер туралы ақпаратты, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беріп, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, портал пилоттық режимде іске қосылып, Ақтөбе қаласында сәтті жүзеге асырылуда. Оған бірнеше медициналық-әлеуметтік мекеме қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, "Әлеуметтік қызметтер порталы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар аясында көзделген.

Ресурсты Қазақстанның барлық қалаларының тұрғындары пайдалана алады деп жоспарлануда, ол 400 мыңнан астам пайдаланушы мен 200 мың жеткізушіні қамтиды.

Бүгінгі күні "Мобильді азаматтар базасы", "Әлеуметтік тізілім", "Бірыңғай деректер қоймасы", "Қазпошта" АҚ, "Еңбек шарттарының бірыңғай жүйесі", "Жылжымалы мүлік тіркелімі" ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

Сурет:дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT