Қазақстанда көкөніс, жұмыртқа мен ет қымбаттады

Қазақстанда көкөніс, ет, балық, жұмыртқа және басқа да азық-түлік қымбаттады, - деп хабарлайды Energyprom.kz.

Сарапшылардың айтуынша, биыл жаңа піскен көкөніс маусымы салыстырмалы түрде ерте аяқталған. Қыркүйекте орамжапырақ пен қияр бағасы тамызбен салыстырғанда 15 пайызға қымбаттаған. Сарымсақ 7,3 пайызға, үрмебұршақ - 1,7 пайызға өскен. Сондай-ақ, кейбір көкөніс бағасы сәл арзандаған - пияз (бір айда 25,2 пайызға), сәбіз (22,8 пайызға) қызылша (9 пайызға), картоп (8,2 пайыз). Ал қызанақ бағасы 1,4 пайызға төмендеді. Соған қарағанда, енді олардың да бағасы өсетін болады.

Жемістер арасында апельсин - 4,3 пайызға қымбаттаған. Ал банан бағасы, керісінше, бір айда 2,8 пайызға төмендеді. Жұмыртқа - 6,1 пайызға қымбаттады. Мұзға қатырылған балық 2,3 пайызға, сиыр еті - 2,1 пайызға, жылқы еті - 2 пайызға қымбаттады. Тары бағасы 3,1 пайызға, ал күріш 2,2 пайызға өсті.

Сусындар мен бакалеялық тауарлар бағасы өзгеріссіз қалды. Қант, мысалы 4,6 пайызға арзандаған.

Tengrinews.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT