Коронавирус жаһанды жаулаған індетке айналды. 2020 жыл әлем есінде аты жаман індетпен есте қалмақ.
Алайда індетке қарамастан төтенше жағдай кезінде де, карантин жарияланса да кейбір мекемелер қашықтықтан жұмысты тоқтатқан емес. Еліміз ғаламдық өзгерістерге бейімделіп, жаңа технологияларды қолданып келе жатқаны оң нәтиже. Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары реформасында сот жүйесіне баса назар айдарылған болатын.
2018 жылдың басында Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасын қабылдады. Осы бағдарламаның арқасында сот саласында көптеген жаңаша өзгерістер орын алды. «Фронт офис» және «Мобильді бейне-конференс байланыс», бұған қоса, «Сот кабинеті» секілді жаңашылдықтар енді. Бұлар бір-бірімен тығыз байланыста.
Бүгінгі таңда, карантин кезінде аурудың таралуын алдын-алу мақсатында сот саласындағы барлық қызметкерлер халықтың денсаулығын, өз денсаулығы үшін, тараптардың сотқа онлайн қатысуын 100 пайыз қамтамасыз етіп, бүгінде күнделікті қаралып жатырған істердің барлығы онлайнға көшіп отыр. Барлық аудан тұрғындары сот процесіне «Онлайн» қатысу мүмкіндігін алып отыр. Тіпті тараптар «Онлайн» арқылы татуласып, дауды бітіммен аяқтауға да мүмкіндік алды.
Төтенше жағдай кезінде сот саласындағы халыққа ыңғайлы шаралар бір күнде пайда болған жоқ. Бұның барлығы бірнеше жыл бойы құрылып, іске асырылып жатқан, жоғарыда енгізілген бағдарламалардың нәтижесі.
Осындай қиын жағдайда соттардың халыққа қолжетімділігі әрі ыңғайлылығы аса қажет деп ойлаймын.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз