Медиация - бітімгерлік қызметі.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша,32 914 теңге қарызды өндіріп алу туралы дау медиация тәртібімен шешілді.
Іс-құжаттарында, талап қоюшы сотқа қарыз өндіру туралы 2019 жылғы келісімшартқа сай берешекті және сот шығындарын жауапкерден өндіруді сұраған.
Сот тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу артықшылықтарын жан-жақты түсіндірді, нәтижесінде өзара түсініскен тараптар татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасады. Жасақталған медиативтік келісімге сәйкес, талап қоюшы талабынан бас тартты, ал жауапкер талап етілген 32 914 теңгені 2020 жылдың 25 қазан айынан 2021 жылдың қаңтар айына дейін бөліп төлеуге міндеттенді.
Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен қысқартылды. Төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
Сурет:дереккөз