Қаруын өз еркімен тапсырғандарға - ақшалай сыйақы!

277 800 теңге иір ойықты автомат тапсырғандарға беріледі.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2020 жылғы 01 шілде айынан бастап Республика аумағында халықта заңсыз сақталуға атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіледі.

Халықта заңсыз сақталудағы қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша акция Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығымен бегітілген Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына қатаң сәйкестікте өткізілуі тиіс делінген. Мемлекет азаматтардың өз еркімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға сыйақы белгілеп отыр. Бұл азаматтарды аймақтық полиция бөлімінде қабылданады.

q

Заңсыз сақталған атыс қаруларын оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды, өз еріктерімен өткізген азаматтар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылудан босатылады. Ұрланған немесе жоғалған қатарынан ерікті түрде ақшалай сыйақы үшін атыс қаруын тапсыру жағдайларын болдырмау үшін және Республиканың аумағына контрабандалық жолмен әкелінген атыс қаруын, оқ-дәрілермен жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға қабылдау фактілерін болдырмау мақсатында кедендік бақылау, шекара қызметі органдарымен бірлескен шаралар қолдануда.

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, кез келген полиция бөлімдеріне немесе 102 телефонына хабарлауын сұрайды.

Байланыс нөмірі: 2-20-73, 2-11-32, 87024779247

Махамбет аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT