«Прокуратура туралы заңға» конституциялық мәртебе берілді

2022 жылдың 18 қарашасынан бастап «Прокуратура туралы» Конституциялық заң қолданысқа енгізілді.

Оның қабылдануының ел үшін тарихи маңызы бар. Себебі, тәуелсіз Қазақстанда алғаш рет прокуратура туралы заңға конституциялық мәртебе берілді. Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 16 наурыздағы Жолдауында Прокуратура туралы Конституциялық заңды қабылдауды ұсына отырып, бірінші кезекте елдегі заңдылық-конституциялық принципінің рөлін нығайтты.

Бұл Заңның негізгі мақсаты – қадағалау органының құқық қорғау қызметін жүйелі түрде күшейту, елдегі жоғары қадағалау мен заңдылық құралдарын нығайту болып табылады.

1. Атап айтқанда, Бас Прокурорға Конституциялық Сотқа жүгіну, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот практикасы мәселелері бойынша соттарға түсініктеме беру туралы ұсыныспен Жоғарғы Сотқа жүгіну құқықтары берілді. Сонымен қатар, Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша және Конституциялық құрылысқа төнетін қатерді болғызбау мақсатында өтініштерді қараудың жаңа негіздері қарастырылды. Адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында еліміздегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды және оның қызметіне жәрдем көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық саладағы новеллалар Тексеруді жүргізу мерзімін бір айдан астам мерзімге ұзартуды Бас Прокурормен келісу қажеттілігі жойылып, прокурор міндетті нұсқаулар бере алатын негіздердің тізбесі кеңейтілді және қаулы қадағалау актісі күшейтілді. Прокурорлар бизнес мүдделерін қорғау мақсатында, жеке кәсіпкерліктің қызметіне мемлекеттік, жергілікті өкілдік және атқарушылық, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды тұлғаларының араласуды туралы арыздарын қарайды.

Қадағалау органының халықаралық ынтымақтастық саласындағы міндеті жаңартылып, шетелден қылмыстық активтерді қайтару функциясы жетілдіріліп, халықаралық міндеттемелер, оның ішінде, прокуратура органдарының ынтымақтастық саласындағы құзыретін едәуір кеңейтетін халықаралық төреліктерде заңдылықтың сақталуы қамтамасыз етіледі. Конституциялық заңның тағы бір жаңашылығы күшіне енген актілерді бағалау туралы жаңа бап пайда болып, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты Бас Прокурордың құқықтық актілерін ресми жариялау міндеттілігі, прокурордың шешімдеріне шағымдарды сотқа дейінгі реттеу мәселелері бекітілді. Жалпы прокуратура туралы жаңа Конституциялық заңның қабылдануы адамның, мемлекеттің және бизнес субьектілерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауда прокурорлардың құзыреттілігін кеңейтетіндігі сөзсіз.

Махамбет ауданының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT