Президенттікке үміткер Ақтөбеліктермен кездесуде

Бүгін  ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе облысына сапармен келді.

Аймақтағы сайлауалды науқан аясындағы сапарының алғашқы нүктесі Бестамақ ауылына соғып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Іс-шара ауылдық мәдениет үйі қабырғасында өтті.

Ауыл тұрғындары үміткерге тікелей кент арқылы өтетін «Ақтөбе-Астрахань» тас жолына байланысты шағымданды. Бүгінгі күні жобаға сәйкес кеңейтіліп жатқан бұл жол елді мекенді екіге бөліп отыр. Сонымен қатар жолдағы көлік ағыны қозғалысы өте қарқынды: тас жол бойымен жеңіл автокөліктер де, жүк көліктері де қатар жүреді. Бұл жергілікті тұрғындар үшін белгілі бір қиындықтар тудыруда. Біріншіден, жол бойында орналасқан үй тұрғындарын күндіз-түні тынбайтын көлік дыбысы мазалайды. Екіншіден, тұрғындар үнемі жолды кесіп өтуге мәжбүр, ал бұл өте қауіпті.

Ауыл тұрғындарының мұңымен танысқан Нұрлан Әуесбаев адамдардың қауіпсіздігі мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті. Айналма жол салу қажеттілігі анық. Не себепті әкімдік пен жол құрылысы басқармасы елді мекен тұрғындарының қажеттіліктерін елемей жүргені сұрақ тудырады. Үміткер бұл мәселені тез арада шешу қажеттігін белгіледі.

Мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау қажет. Нұрлан Әуесбаевтың пкірінше, бірінші кезекте барлық деңгейдегі әкімдерді сайлауды енгізуді жеделдету қажет. Сонда ғана шенеуніктер халық алдындағы жауапкершілікті сезініп, қарапайым азаматтардың пайдасына шешім шығара бастайды.

Оған қоса, ЖСДП үміткерінің сайлауалды бағдарламасы парламенттік-президенттік республиканы құруды көздейді. Күшті парламент, үміткердің пікірінше, жартылай бір мандаттық округтардан сайланған депутаттардан құралуы керек. Халықтық парламенттік бақылау сыбайлас жемқорлыққа басты тосқауыл болуы тиіс.

Сөз соңында Нұрлан Әуесбаев кездесуге қатысушыларды оған –  халық билігі мен еркін қоғамға дауыс беруге шақырды.

Кездесуден кейін Нұрлан Әуесбаев аты аңызға айналған батыр, қолбасшы Есет батырдың кесенесіне барды. Қазақ халқына амандық мен бақ-береке тілеп, құран бағыштады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521