Жігерлі жастарға жаңа мүмкіндік пайда болды

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу басталады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отырған іріктеуге, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші алынатын болады.

Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау.

Белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды.

Резервшіні бос мемлекеттік лауазымға тағайындау құзыреттер жиынтығы ескеріле отырып және Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын болады.

Резервке алу үшін үміткерлерге бірнеше жүйелі кезеңдерден өту керек.

Атап айтқанда:

-күрделі сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау (ең көп балл жинаған кандидаттардың 50%-ы);

-тестілеуді верификациялау (1000 кандидаттан артық емес);

-ситуациялық тапсырмаларды шешу (500 кандидаттан артық емес);

-құзыреттерді бағалау ассессмент-орталық (250 кандидаттан артық емес);

-құзыреттерді бағалау (125 кандидаттан артық емес);

-сарапшылық комиссияда әңгімелесу (100 кандидаттан артық емес);

-Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы.

Көптеген кезеңдер онлайн режимінде өтеді.

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арнайы әзірленген pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі деп жоспарлануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT