Президент сайлауы: Жигули Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді

Бүгін Жигули Дайрабаев «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен президенттікке кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттарын ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды.

«2022 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Жигули Молдақалықұлы Дайрабаевтың «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды:

  1. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
  2. Ж.М. Дайрабаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
  3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
  4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері», - делінген ОСК ақпараттық хабарында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT