ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кревтивті индустрияны қолдау қорын ашу мүмкіндігі туралы айтты.
«Бүгінде еліміздің тарихи және мәдени мұрасын тиімді қолдану маңызды болып отыр. Бұл бағытта Қазақстанның айтарлықтай мүмкіндігі бар. Дегенмен бұл сала саясатын қайта қарау қажет-ақ. Бүгінгі таңда мемлекет тек белгілі бір қайраткерлердің жобасын қолдап және ол үшін ауқымды мемлекеттік қаражат жұмсалып жатыр. Біздегі жас әртістер, әнші, театр және өнер саласы қызметкерлері жеке меценаттардың есебі арқылы ғана таланттарын танытып жүр. Сол өнер жұлдыздарының арқасында Қазақстанның аты әлемге шығып жатыр.
Сондықтан да Үкімет сала сарапшыларымен бірлесе қарастыра отырып, жыл соңына дейін нақты іс-шара ұсынуы тиіс. Ол мәдениетімізді жаңаша бағытта насихаттап, дамытуға арналуы тиіс. Сол секілді елімізде креативті индустрияны қолдау қорын ашу мүмкіндігін қарастырған жөн», деді Мемлекет басшысы.