Президент Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтарын атады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан әлемдік аренада үлкен абырой жинады. Өзін бейбітшілікті сүйетін, ашық, сенімді мемлекет ретінде бекітті. Халықаралық істерде сенімді әрі жауапты серіктес екенін бекемдеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы ұлықтау рәсімінде. Ол сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясаты қандай болатынын айтып берді. «Біз конструктивті, үйлесімді, көпвекторлы бағытты жалғастырамыз. Әлемдік аренада ұлттық мүддені қорғайтын боламыз.

Елдің сыртқы саясатының жұмысы елге, ұлттық бизнеске, әрбір азаматқа пайда әкелетін болады», - деді Президент.

Айта кетсек, елордада жаңадан сайланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Қ. Тоқаевты ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық кеңес мүшелерi, Жоғарғы сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысты.

Ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. Ант берген сәттен бастап жаңадан сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

Сурет:Дереккөзі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521