Премьер-министр орынбасары Атыраудағы тасқынға қатысты мәлімдеме жасады

Еліміздің Премьер-министр орынбасары Қанат Бозымбаев Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында атыраулықтардың тасқын кезінде тосылмай, жұмыла жүріп қиындыққа қарсы тұрғанын ерекше атап өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

– Су тасқынынан қорғауға келетін болсақ, мен Атырау облысын бөліп көрсетер едім, - дейді ол. – Жайық өзенінің бойында су тасқыны салдарынан бірде-бір тұрғын үйді су басқан жоқ. Тек Атыраудың өзі арқылы Каспийден 7,5 миллиард текше метр су өтті. Егер біз Жайық өзенінің тасуына және Атырауға кіруіне жол берсек, АМӨЗ бен басқа да өндіріс орындары ұзақ уақыт бойы істен шығар еді. Бұл ондаған миллиард доллар шығын келтірер еді. Штаб бұл мәселеге ерекше назар аударды, Премьер-министр де мені сол жерге жіберді. Маған Атырау облысының тұрғындары, әсіресе Индер, Махамбет аудандары өте ұнады. Онда ақсақалдар мен кішкентай балаларға дейін бөгеттерді нығайтуға көмектесті. Алғашқы күндері адамдар өздері белсенді жұмыс істеді, мемлекеттен көмек болмайды деп ойлады. Кейін біз Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ТЖ жүйесінен көптеген адамдар мен еріктілерді әкелдік. Тасқынның алдын алуға Атырауда 30 мыңнан астам адам және 4000-ға жуық техника жұмылдырылды. Олар 500 шақырымға жуық бөгет салды. 500 шақырым бөгет дегенді көз алдыңызға елестете аласыз ба? Бұл Астанадан Петропавлға дейінгі аралықпен бірдей ғой. Әрине, кемшіліктер де болды. Әсіресе, Құлсары бойынша. Ең алдымен сауатты болжам қажет болды. Бірақ, өкінішке орай, "Қазгидрометтің" болжау жүйесі айтарлықтай дамымаған Өйткені Ақтөбе облысының Мұғалжар тауларында өз бастауын алатын Жем өзенінің бойында гидробекеттер жоқ. Құлсары қаласында 2700-ге жуық үй зардап шекті. Бірақ, тұрғындар біз келгенде аздаған қолда бар техникамен және қол күшімен көптеген бөгеттер салып тастаған. Түйіндеп айтар болсақ, Атырау облысы тасқынның алдын алуда жақсы нәтиже көрсетті. 

Айта кетейік, сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден көре аласыз.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT