Праймеризге тіркеу басталды

Елімізде «Nur Otan» партиясының ішкі праймеризі басталып кетті. Бұл – демократия мен азаматтық қоғамды дамытуға серпін беретін, нағыз көшбасшыларды қарапайым ел арасынан табуды көздейтін игі қадам.

Қазір праймеризге қоғам қызығушылық танытып отыр. Себебі, іріктеуде үміткерлерге тең мүмкіндік берілген. Ерекше айта кетерлігі, әйелдер қауымы мен жалынды жастарға праймериз арқылы саясатқа араласып, өзін тұлға ретінде танытуға зор мүмкіндік беріліп отыр.

«Қоғамда пікірін ашық айтып, ел мәселесін қозғап жүретін азаматтар көп. Праймериз арқылы сол азаматтар партияның кадрлық резервіне алынып, жергілікті деңгейдегі мәслихаттарға, Мәжіліске ұсынылады.

«Мықты лидерлер – мықты партия» қағидасын басшылыққа алатын саяси доданы ашық, таза әрі әділ өткізу – біздің міндетіміз.

«Nur Otan» партиясының Махамбет аудандық филиалы праймериз өткізуге бірнеше айдан бері дайындық жүргізді. Аудандық партия филиалы жанынан ұйымдастыру комитеті құрылып, үміткерлерді тіркеу жұмысын бастап кетті. Күні бүгінге дейін ауданымызда 15 үміткер тіркелді.

Қазір Махамбет ауданында 1601 партия мүшесі бар. Олар 11 бастауыш партия ұйымдарына тіркелген. Праймеризде партия мүшелері үміткерлерге дауыс беріп, сол арқылы кадрлық резерв жасақталады. Ауданымызда дауыс беруге 10 және дебаттар өткізуге 3 арнайы орындар әзірленді.

Биыл еліміз пандемияның салдарынан қиын күндерді бастан өткеріп жатыр. Карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс. Сондықтан праймеризде онлайн түрде тіркелуге және дауыс беруге жағдай жасалды.

Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, нақты жергілікті мәселелер анықталатын болады. Егер Сіз біздің ауданның тағдырына немқұрайлы болмасаңыз және Сіз оны жақсартқыңыз келсе, праймеризге қатысуға шақырамыз!

Р. ӘЖЕНОВ,

"Nut Otan" партиясы Махамбет аудандық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521