banner_damu

Фейк: «Pfizer» вакцинасын мектеп асханаларындағы сусындар мен тамаққа қоспайды

Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желілерде таратылған жалған хабарды жоққа шығарды.

"Ата-аналардың  чаттарында бірнеше күн бойы мектеп асханаларындағы тамақ пен сусындарға "Pfizer" вакцинасы қосылуда" деген жалған хабарлама таралуда. Жалған мәліметте вакцина қосылған тамақты қабылдаған балаларда  қауіпті аурудың белгілері, яғни,  жүрек айну және құсу байқалуда.

- What's App  желісінде  дыбыстық хабарлама таратқан белгісіз әйел "Pfizer" вакцинасы балаларға мұрын тамшылары арқылы да енгізілуде деп мәлімдейді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі, "Pfizer" компаниясы өндіріп отырған "Комирнати" вакцинасының әр құтысы 6 адамға арналған. Және вакциналар медициналық орындарда арнайы мұздатқышта  сақталуда.  Вакцина 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге  ата - аналардың  келісімі бойынша иыққа салынады, вакцинаның мұрын тамшылары мен спрей түріндегі баламалары жоқ, - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік,  жалған және дәйексіз ақпарат таратушыларға ҚР ҚК 274-бабына сәйкес жаза көзделген. Құқық бұзушыны іздеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданады.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика