Патрульдік полиция көлігі жол апатына ұшырады

Бүгін "Атырау-Махамбет" тас жолының бойында жол апаты болды деп хабарлайды ARTpress.kz Атырау облыстық ішкі істер басқарамасы баспасөз қызметінің хабарламасына сүйене отырып.

Күндізгі сағат 10.36 шамасында "Атырау-Махамбет" тас жолының бойында, қаладан 15 шақырым қашықтықта, "Toyota Hilux" маркалы автокөлігі қарсы жолға шығып кетіп, "Volkswagen Рolo" маркалы патрульдік полиция көлігіне соқтығысқан.

Жол апатының нәтижесінде "Toyota" автокөлігінің жүргізушісі мен екі полиция офицері жарақат алған. Жол-көлік оқиғасына орай сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521