Өзгеше форматтағы көмекке кімдер ілігеді?

Жаңа форматтағы АӘК –тің қазіргі әлеуметтік төлем түрлерінен бір өзгешелігі- аз қамтамасыз етілген азаматтарға, немесе отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек кешенді болып, үш түрлі мемлекеттік қолдауды біріктіретіні белгілі болды.

Олар АӘК төлемі, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, оның ішінде бос жұмыс орындарына жолдау, қызметке тұруына, жол жүрісіне, біржолғы ыстық тамағына шығыстарды өтей отырып, оқуға жіберу, мемлекет есебінен шәкіртақы төлеу, еңбекақысын мемлекет есебінен субсидиялай отырып, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмысқа жіберу, жеке ісін ашуға, бизнесін кеңейтуге микрокредит беру кіреді. Әрі мұқтаж жандарға мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтерін көрсету бар.

Бұл қызметтерді ҮЕҰ, әлеуметтік қызметкерлер, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік ұйымдар көрсете алады. Жаңа форматтағы АӘК аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға қолдау көрсете отырып, кедейлік шегінен шығаруды кешенді түрде қарастырылатын көрінеді.

Е.Рысқалиев,

көпбалалы әке

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT