Қозғалысқа қолдау керек

Ақылгөй,  ақын,  қоғам  қайраткері Шәкәрім Құдайбердіұлының  «өзгеріс  басы  қозғалыс,  қозғауға  керек қолқабыс», - деген  сөзі  маңызын  жойған  жоқ.  

Иә, қоғам  қозғалыссыз  өмір  сүрмейді. Қоғам  алға жылжыған  уақытпен  бірге азды – көпті  өзгерістерге ұшырап, дамып,  толысып  отырады.  Бірақ  кез-келген  өзгеріс қозғалыссыз болмайды  және  мұнсыз  алға  басуы  екі  талай. Қоғамның  осы  айтылған  даму заңдылығын бағдарлаған мемлекетіміз,  Мемлекет  басшысы  Қасым – Жомарт  Тоқаевтың бастамашылығымен Ата Заңға қоғам  санасының  өсуі  ыңғайына  қарай  56 өзгерістер  мен  толықтырулар енгізіліп, 33  бапқа топтастырылған. Сөз  арасында айта  кетейік.  Осының  барлығы немесе қоғамдағы өзгерістер өркениетті  әлемнің  озық  үлгілерімен ойластырылып  жасалған. Өркендеген сана қоғамды қозғалысқа  немесе жаңғыртуға  мүдделі  етеді. Мақсаты мемлекеттік  жүйені тоқыратпай одан  әрі орнықтыра  түсу. Бұл қоғамның өскен санасының  жемісі. Ендеше  қазіргі  Ата  Заңымызда  немесе  Констиуциямызда «мемлекеттік  биліктің  бірден – бір  бастауы - халық» деп,  нақты  әрі түсінікті жазылған. Осы  ережеге  сүйенетін  болсақ,  Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер жалпыхалықтық референдум арқылы қабылдануы  қажет. Сөз  орайы  келіп  тұрғанда  айта  кетейік.  Осыдан  27  жыл  бұрын  қазіргі  қолданыстағы  Конституциямыз жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған  болатын. Одан  кейінгі өзгерістер  мен  толықтырулар елді  жедел  дамыту  қағидасымен  бет перделеп ат  төбеліндей халық  өкілдерімен  қабылданып  келген  болатын. Оның  көбісі халық  көңілімен  қабыспай, ол өзгерістер  суперпрезиденттік  жүйеге  қызмет  жасап  келді. Айтайын  дегеніміз,  осы  жылдың  5  маусымында  өткелі  жатқан референдумда немесе халық болып Ата  Заңымызға  енгізілген  өзгерістер  мен  толықтыруларды  қабылдау  қажет  деп тапқан  Президент бастамасын  қолдаймыз. Бұл  бастаманы,  ел Президенті бұған  дейінгі жариялаған «Халық  үніне құлақ  асатын  мемлекет»,  тұжырымды  сөзінің лайықты  жалғасы  деп  түсінеміз.

Жаңа  Ата  Заңсыз  жаңа  Қазақстан құрылмайды.  Ендеше жаңа  Ата Заңмен    жаңа  Қазақстанды құрудың алғашқы  қадамын референдуммен бастау  арқылы Президент енді  әр  қазақстандықтың пікірі  маңызды  екенін  айқындады.   Сонымен  қатар референдум деген  не деген  сұрақтарғада  жауап  бере  кетейік.  Референдум негізі, билікпен, халықты  байланыстырып  тұратын әдістемелік  саяси  құрал. Нақтырақ  айтатын  болсақ -  ең  маңызды  мәселелерді  халық  болып шешудің  тәсіл  тетігінің  бірі. Тағы  бір сөз тіркестері  «тәсіл  тетігінің  бірі»  дегенен туындайды. Республикалық  газет-журналдарда «плебисцит» деген  термин  сөз  жиі  айтылып  келеді.  Бұлда да мемлекеттік  маңыздылығы  бар  мәселелерді бүкілхалық  болып шешудің бір  түрі  немесе  жалпыхылтық дауыс  беруі  арқылы  анықтау. Бұл негізі  әлемдегі  мемлекеттер  арасындағы  мәселелерді  шешуге  арналған  саяси  құрал (мысалы  мемлекеттердің  тәуелсіздігін  тануға, жер,  шекара бөлісіне мәселеріне  арналуы  мүмкін  дегендей.) Оның  жалпы  өзгерістер деген де  мағанасы  бар. Референдум  мемлекет  ішілік өткізілетін саяси  шараның  нысаны.

Ендігі  әңгімемізді  үгіт жұмыстарының  барысына  бұрайық.  Референдумның  елімізде  өтетін  күні  жарияланған  сәтінен «AMANAT»   партиясы Махамбет  аудандық  филиалы  аймақтағы  1600-ге  жуық партия мүшесімен,  белсенділерді,  еріктілерді үгіт-насихат  жұмысына жұмылдыру шараларын ұйымдастыруды  қолға  алды. Қазақстан  Республикасының  «Референдум туралы», «Сайлау  туралы»  Конституциялық заңдарымен,  сондай-ақ партияның республикалық,  облыстық басшылығының  аймақтық жүйелік жұмыс  кестесіне  сай Ата Заңға енгізілген  өзгерістер  мен  толықтыруларды насихаттау  бағыттарындағы аудан өңіріне  арналған  жүйленген жұмыс  кестесі  жасақталып, іске  асырыла  бастады. Махамбет  аудандық  партия  филиалының желілік  жұмыс  кестесі  екі  толқынмен 36  шара  өткізу белгіленген  болатын. Біріншісі  12  күнге,  екінші толқын 19  күнде өткізіп  болу  көзделген.  Сонымен  қатар,  айта  кету  қажет, аталған  36 шараның   8  шарасы Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  3  депутатының  қатысуымен  ұйымдастырылу жоспарланды. Бүгінде  мәжілісмендер Н.Ожаев пен С.Нақпев,  Махамбет  ауданының Алға,  Ақжайық, Сарайшық, Бейбарыс  ауылдық округтарының  тұрғындарымен еркін жағдайында өткен кездесулерінде  Қазақстан  Республикасының Конституциясына енгізілген  өзгерістер  мен  толықтырулардың  немесе жалпы  саяси реформаның мақсаты  түсіндірілді. Қалған  28  үгіт-насихат  шарасы  аудандық,  облыстық штаб  мүшелерінің күшімен  ұйымдастырылуда.  Өткізілген  үгіт -  насихат  шараларының  бірінші  толқынында аудан  тұрғындарының  бес  жүзге  жуығы  қамтылды. Ал,  мамыр  айының  24  жұлдызы  күні  басталып,  маусымның  3 күні   00:00 сағатта  аяқталатын үгіт жұмысының  екінші  толқынында Парламент  Мәжілісі  мен  мәслихаттар  депутатырымен, сондай-ақ еріктілермен   өтетін үгіт -  насихат шаралары осындай  немесе бес  жүзге  жуық таңдаушылар қамтылады  деп  күтілуде.

Негізі саяси реформаның  басты  мақсаты ел  ішіндегі  барлық  істерді Президентке  третпей, өңірлік  мәселереді жергілікті өзін-өзі басқару   органдары тұрғындарымен  ақылдасып, сол жерде шешегу  бағыттау.6

Мемлекет  басшысы  уақыттың  өзгергенін,  адал  сайлау  мен саяси бәскелестік кезеңін айқын  көрсетіп  отыр. Сондықтан  біз өзіміз өзгеруге,билікке  деген бұрынғы сенімсіздіктерден, барлығын бос сынаудан аластауға  тиіспіз. Сайлау  және қоғамдық  даму  институттарына қатысу арқылы мемлекет басқаруға қатысуымыз  керек,  яғни өз елінің нағыз азаматы болуымыз  шарт.

Сөзімізді қорыта келе,  айтарымыз, Конституцияны жаңартпй әділетті, Жаңа Қазақстан құру  мүмкін  емес. Алдағы  референдумда халық өзінің салмақты  сөзін,   салиқалы  пікірін білдіреді  деп  сенеміз.

 

Руслан ӘЖЕНОВ,

«AMANAT»  партиясының Махамбет  аудандық  филиалының атқарушы  хатшысы, штаб төрағасы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521