Масаң күйде жанұя тыныштығын бұзып, былапыт сөздер айтқан.
Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сотпен анықталғандай, азамат Т. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде жанұя тыныштығын бұзып, үй ішінде анасы М-ға былапыт сөздер айтқан.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетін енді қайталамайтынын айтып көрсетті. Алайда анасы ұлына кешірім бермейтінін, оған заң талаптарына сай жаза қолдануды сұрады.
Сот құқық бұзушыны кінәлі деп танып, оған бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз