Махамбет аудандық сотында некені бұзу туралы кезекті азаматтық іс медиация тәртібінде қысқартылды.Бұл туралы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
Талап қоюшы өз талап қою арызында жауапкермен заңды некеде тұрғандарын, жанұядағы келіспеушілікке байланысты бірге тұру мүмкін емес екенін мәлімдеп, соттан арадағы некелерін бұзуды сұраған.
Төрағалық етуші судья С.Амантаев тараптарды бітімге шақырып, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы жөнінде өткізген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде, сот кеңсесіне тараптардан азаматтық істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз және татуласу келісімін бекіту туралы өтініш түсіп, өтінішке тіркелген 2020 жылғы 25 тамыздағы татуласу келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Сотпен талап қоюшы А.К-ның жауапкер А.У-мен араларындағы заңды некені бұзу туралы талап қою арызы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптардың арасында жасалған татуласу келісімі бекітілді.
Сот актісі заңды күшіне енген.
Сурет:дереккөз