Бұл туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды.
2022 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Фатима Бизакованың «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды:
- «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
- Ф.Бизакованың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.