Тағы бір үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Хайролла Мағауияұлы Ғабжалилов құжат тапсырды.
Оның кандидатурасын «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр.
Тапсырылған құжаттар тізбесі:
- «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
- Хайролла Ғабжалиловтің президенттікке кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
- Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.
Фото: abai.kz