Өңірімізде жаңадан 15 мың жұмыс орны ашылмақ

Биыл Атырау облысында жаңадан 15 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Хамидолла хабарлады. Оның айтуынша, әлемдік мұнай нарығындағы бағаның төмендеуі Атырау облысындағы кәсіпорындардың кадрлық саясатына кері әсерін тигізбейді. Қазір өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында серпіліс, кәсіпорындар жұмысында тұрақтылық бар.

«Мұнайлы өңірдегі ірі кәсіпорындарда жұмыстан қысқарту болмайды. Жұмысшылардың жалақысы уақытында төленіп келеді. Биыл жаңадан 15 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр», - деді Серік Хамидолла.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT