Атырауда ақпан айынан бастап электр энергиясының бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тарифтер тұрғындарға да, заңды тұлғалар үшін де көтерілді. Тұрғындарға электр энергиясы 4,5% қымбаттады. Бұған дейін 1 кВт/сағ үшін 4,87 теңге төлеп келсе, енді оның бағасы 5,10 теңге болды.
Электр энергиясын тауарлар өндірісіне, жұмысқа және қызмет көрсету үшін пайдаланатын заңды тұлғаларға тарифті көтеруге берілген өтінімде оның бағасын 10,5% қымбаттату жоспарланған, яғни 1 1 кВт/сағ - 18,89 теңге.
Бірақ жаңа тариф 18,68 теңге көлемінде бекітілді. Өндіріспен және ауылшаруашылық өнімін өңдеумен айналысатын кәсіпкерлер үшін жаңа тарифтің бағасы 15,07 теңгені құрайды», - деп хабарлады «Атырау Энергосату» ЖШС директоры Элмира Есембергенова.