Облыстың үш дүркін чемпионы

МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА ВО­ЛЕЙБОЛДАН 2012-2013 ЖЫЛЫ ТУҒАН ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӨКТЕМГІ ІРІКТЕУ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ. ЕКІ КҮНГЕ СОЗЫЛҒАН ТАРТЫ­СТЫ ДОДАДА ОҚ БОЙЫ ОЗЫҚ БОЛҒАН «МАХАМБЕТ БЖСМ» КОМАНДАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ.

Енді жерлестеріміз Түркістан қаласында өтетін Қазақстан чемпио­натында Атырау облысының намысын қорғайтын болады. Айта кетейік, 2012-2013 жылы туған қыздардан құралған команда үш дүркін облыс чемпионы атанды.

Сонымен қатар Дәурен Әменов жаттықтыратын волейболшылар 2013-2014 жылы туған қыздар арасында «БЖСМ №5» кубогіне қатысып, екінші орынға ие болды. Аталған жарыстың «Үздік ойыншысы» атағына Ясина Қажымова лайық деп танылды. Кейін аудандық БЖСМ директоры Ас­лан Дүйсембай волейбол бөлімінің жаттықтырушысы Д.Маратұлын қабылдап, жүлделі орындарымен құттықтады.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT