Облыстағы 800-ге жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

фото: ktk.kz

1 қазандағы жағдай бойынша 771 отбасындағы 4 мың 565 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл туралы Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Еркебұлан Әбілхасымов мәлімдеді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Оның ішінде 564 отбасындағы 3мың 556 адам шартты, 213 отбасындағы 1046 азамат шартсыз ақшалай көмекпен қамтылды. Олардың басым бөлігі - 18 жасқа толмаған бала. 
- Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны – 957-ні құрайды. Оның ішінде 467-і көмекке жүгіну кезінде жұмысы барлар, 165-і жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 325-і бала күтіміндегілер. Жұмыссыздыққа тіркелген 165 адам 100% жұмыспен қамту шараларына тартылды, - деді Е.Әбілхасымов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT