Облыста «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесі арқылы 8 мыңнан астам кадастрлық паспорт жасалды

Осы жүйе қосылғаннан бері Құлсарыда 1765, Атырауда 6556  жер учаскесіне  кадастрлық паспорт берілді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Дастан Жарлықасымов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Аталған жүйе мемлекеттік органдар мен азаматтарға жылжымайтын мүлікке қатысты деректерге қолжетімділікті оңайлатып, елдегі цифрландыру процесінің маңызды қадамдарының бірі болды.

-    Енді кадастрлық паспорт алу үшін мемлекеттік мекемелерге барудың қажеті жоқ. Құжаттарды онлайн алуға мүмкіндік туып, қызмет көрсету мерзімі қысқарды. Бұрын бір-екі ай тіпті, бір жылға созылатын  қызметтерді қазір 3-4 күнде алуға болады.Жүйеге кез келген уақытта eGov.kz порталы арқылы кіре алады. Жылжымайтын мүлік объектілері туралы деректердің өзектілігін қамтамасыз ету үшін жүйе үздіксіз жаңартылып отырады. Осы уақытқа дейін 8 мыңнан астам адам жүйенің мүмкіндіктерін пайдаланып, кадастрлық құжаттарын рәсімдеді, - деді Д.Жарлықасымов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT