Облыс прокуроры: Балалар ортасындағы қылмыс - қоғам үшін қолайсыз жағдай

Облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВТЫҢ төрағалығымен облыс әкімінің орынбасары, Полиция департаменті, Білім беру басқармасы басшылығының қатысуымен облыс прокуратурасы алқасының отырысы өтті.

Іс-шарада кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудың проблемалық мәселелері талқыланды.

Балалар ортасындағы қылмыс қоғам үшін қолайсыз жағдай.

«Қауіпсіз қоғамда балалардың өмір сүруіне жағдай жасау, оларға сапалы білім алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру әрқашан мемлекеттің басым міндеті болып қала береді», – деді облыс прокуроры.

Қорытындылай келе, қадағалау ведомствосының басшысы «балалардың құқықтарын қорғау және оларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін болдырмау мақсатында уәкілетті органдар қолайсыз отбасылардың балаларының өмір сүру жағдайларын тұрақты негізде тексеруі, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды жүргізуі, жазғы каникул кезеңінде оқу орындарының спорттық қуаттарын тартуы, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар үшін тренингтер ұйымдастыруы қажет», – деп атап өтті.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, тиісті органдарға тапсырмалар берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT