Жеке қабылдау өтеді.
Атырау облысы прокурорымен бекітілген азаматтарды және заңды тұлға өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес, 28.02.2020 жылы сағат 11:00 - де облыс прокуроры Дәуешов Халидулла Зиноллаұлы Махамбет ауданы азаматтарын және заңды тұлға өкілдерін аудан прокуратурасы ғимаратында қабылдайды.
Осы орайда, аталған шараға қатысуға ниет білдірген азаматтарды алдын ала жеке қабылдауға Махамбет аудандық прокуратурасына келіп, немесе 2-18-78, 2-14-60 байланыс телефондары арқылы жазылуларыңызға болатыны хабарланады.