Өмір бір орында тұрмайды, соған сай үлкен өзгерістер де қажет. Мұны мемлекетіміздің реформаторына айналған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі де күні кеше ғана әлеуметтік-экономикалық даму бағытында өткен кеңесте атап өткен еді.
Ол қалыптасқан жағдайды өзгертпей алға басу мүмкін емес екенін ашық айтты.
Байырғы философтар айтпақшы, су бір орында тұрса шіріп, иістеніп кететіні секілді өмір де өзгерістерді қажет етеді. Мұны уақыттың өзі талап етіп отыр. Саяси-құқықтық жүйе жаңармай, азаматтардың санасы жаңғырмай, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсара қоюы екіталай.
Бұл ретте, әр азаматтың еліміздің келешегіне алаңдап, белсенділІк танытуы өте маңызды. Өйткені, мемлекеттілікті нығайту – бәріміздің алдымызда тұрған ұлы міндет деп қарауымыз керек. Бұл тек билік басындағы азаматтарға ғана қатысты мәселе деп ойлау дұрыс емес. Өйткені, ұлттық бірлік пен келісімнің, тұғырлы Тәуелсізідктің бірден-бір кепілі ол – халық. Сондықтан оның тікелей араласуынсыз ешбір мәселе де шешілмейді.
Расымен де, уақыттың өзі көрсеткендей, реформаларды халық тудырады, үкімет жүзеге асырады. Ал, адамзат, оның құқығы мен еркіндігі – басты конституциялық құндылық болып қала береді. Президент уәде еткен реформалар қазірдің өзінде сәтті жүзеге асып жатыр деуге болады. Бұған бәріміз де күнделікті куә болып жүрміз. Атап айтар болсақ, конституциялық сот институты қалыптатсы. Бұл арқылы азаматтардың құқығын бірдей қорғап, бірдей сақтауға мүмкіндік туып отыр.
«Ұлттық қор – балаларға» атты бастаманың өзі неге тұрады?! Энергоресурстардан түсетін табыстың халыққа теңдей бөліп берілетіні де күпті көңілге сенім сыйлады. Шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау үлесін арттыру да – өте қажет бастама. Білім сапасын көтеру бағытында да қзаір жүйелі жұмыс жолға қойылып келеді.
Міне, осылайша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру жолындағы батыл бастамалары жарасымды жалғасын тауып жатыр. Ендеше, жарқын келешек жақындап келеді деп сенейік. Олай болса, озық елдердің қатарына қосылып, іргесі берік мемлекетке айналуға бірауыздан атсалысуымыз керек.
Жанна ҚЫДЫРАЛИНА,
арих ғылымдарының докторы, профессор