«Nur Otan» партиясының қатары толықты

«Nur Otan» партиясының қатары толықты

«Nur Otan» партиясы қатарына мүшелерді қабылдау салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылып, оған филиал төрағасы, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының басшылығы, маслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, партия ардагерлері мен жаңадан партияға қабылданушылар қатысты.
Облыстық партия төрағасы, аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов жаңа мүшелерге партиялық билеттерді табыстап, қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтады.

«Бүгін 1 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында партиямыздың қатары жаңа белсенді жастармен толықпақ.

Өздеріңізге белгілі Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының құрушысы әрі төрағасы ретінде еліміздің заман талабына сәйкес алға ілгерілеуінің негізгі бағыттарын айқындап берді. Жалпы, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы әрбір жетістігі, құнды шешімдер мен маңызы зор заңдардың қабылдануы «Nur Otan» партиясының қатысуымен өтті. Еліміз үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Партиямыздың нақты жұмыстарын өңірімізде жүзеге асыру жолында іргелі істердің үлесі арта түспек. Бұл істерде партия мүшелерінің белсенді іс-қимылы үлкен маңызға ие екендігі сөзсіз»,-дедіМ.Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, салтанатты шарада «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ардагері Кеңес Қосыбаев жаңа партия мүшелерін құттықтаса, партия қатарына жаңа қыбылданушылар Бексұлтан Маратұлы мен Светлана Сисеналиева партияның өздеріне артқан сенімін ақтауға уәде етті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс бойынша «Nur Otan» партиясының 24623 мүшесі бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521