Несиесін жаба алмай жүрген қазақстандықтар саны белгілі болды

Несиесін төлей алмай жүрген қазақстандықтардың саны 1,5 млн адамнан асты. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Юрий Ли айтты.

«ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне қарағанда, 2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына және коллектор агенттіктерге қатысты қарызды төлемеу мерзімі 90 күннен асып кеткен борышкерлердің саны 1 520 000 адам болды», - деді Юрий Ли өзінің депутаттық сауалын жариялау кезінде.

Оның айтуынша, микроқаржы ұйымдарының қарыз портфелінде несие бойынша төленбеген мерзім 90 күннен асып кеткен борышкерлердің саны 38 пайызды құрап отыр. Осы орайда қарыз алған 555 мың адам тіркелген.

«Атап айтқанда, қарыз алған 10 адамның төртеуі несиесін өтей алмай отыр. Микроқаржы ұйымдарында кредитін төлей алмай жүргендердің үлесі жалпы кредиторлар бойынша қарыз портфелінде 37 пайызды құрады», - деді депутат.

 

Inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT