«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасына әйел азаматтардыңкөзқарасы: құқық, теңдік, қатысу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының белсенділері және партияның өңірлердегі Әйелдер қанатының мүшелері қатысты.
AMANAT» партиясының Хатшысы, Әйелдер қанатының төрағасы Шолпан Кариновамодераторлық еткен дөңгелек үстелде жаңа Конституция жобасының әйелдер үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат әйелдердің қоғамдық өмірге араласуы, кәсіби дамуы мен саяси белсенділігіне тікелей ықпал етеді.
«Жаңа Конституция тек заңгерлерге немесе саясаткерлерге арналған құжат емес. Бұл - әр азаматтың, әр қазақстандықтың, әсіресе әр әйелдің күнделікті өміріне тікелей әсер ететін негізгі қоғамдық келісім. Конституция азаматтардың білім алуға, еңбек етуге, басқаруға, шешім қабылдауға және денсаулық сақтау жүйесіне қатысуына тең мүмкіндік береді. Біз Конституция жобасын әйелдік тәжірибе, жауапкершілік және азаматтық ұстаным тұрғысынан қарастырамыз. Себебі әйелдердің қатысуынсыз әділетті қоғам құру мүмкін емес, ал әділетті қоғам Конституциядан басталады», – деді Шолпан Каринова.



