Өндіріске келетін адам аз

 Құрылтайға үшінші рет қатысып отырмын. Бұл жолы әлеуметтік-экономикалық және аймақты дамыту жайы талқыланып жатыр.

Тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық дамуы елдің әлеуметтік жағдайымен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен тікелей байланысты. Барлық ірі бизнес құрылымдары әлеуметтік жауапкершіліктерін сезінуі тиіс. Сол жерде өнім өндіріп, жер қойнауын пайдаланғаннан кейін әрбір кәсіпорын сол өңірдің өркендеуіне, тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға атсалысуы қажет.

Біздің «КарМет» комбинаты еліміздің бірқатар аймағында үш бағытта жұмыс істейді. Айталық, Ұлытау облысында Атасу шахтамыз бар. Акционерлік қоғамымызға тиесілі компаниялардың барлығы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін түсіне отырып, сол өңірдің дамуына қол ұшын созып келеді. Мәселен, жергілікті атқарушы орган арқылы мектеп құрылысына көмектестік. Теміртау қаласында трамвай тасымалын қайта жаңғыртуға жәрдемдесіп жатырмыз. Моноқалалар жағдайының түзелуі сол жердегі компанияларға тікелей байланысты екенін ұмытпауымыз керек.

Шындығында, түрлі-түсті және ауыр металдар өндірісіне жұмысшылар тарту оңай емес. Сондықтан біз қызметкерлерге жағдай жасауға жұмыстануымыз қажет. Жастарға да сол өңірден жақсы білім алып, туған жерінің өркендеуіне үлес қосуына көмектесуіміз шарт. Біздің компания бұл шараларға толықтай дайын деп нық сеніммен айта аламын.

Вадим БАСИН, «КарМет» АҚ бас директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521