МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: КОНСТИТУЦИЯ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМ – САЯСИ ЖҮЙЕНІ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы қаласында мәслихат депутаттарыменжұртшылықпенэтномәдени бірлестіктердің мүшелерімен және белсенді жастармен кездестіІс-шаралар барысында жаңа Конституция жобасының негізгі мәні мен алдағы республикалық референдум аясындағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды.

Мәулен Әшімбаев кездесуге қатысушыларға ілтипат білдіріпконституциялық реформа Мемлекет басшысы бастамашы болған ауқымды жаңғыртулардың дәйекті жалғасы екенін атап өттіСондай-ақ ол бұл саяси бағдар әділеттілікзаң үстемдігі және биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі сияқты маңызды қағидаттарға табан тірейтінін айтты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен барлық салада кешенді жаңғыртулар жүзеге асырылудаКонституциялық реформа – сол іргелі өзгерістердің заңды әрі дәйекті жалғасыМемлекет басшысының Жарлығымен жаңа Конституция жобасы республикалық референдумға шығарылдыОсылайша, 15 наурызда азаматтар өз таңдауын жасайдыБұл – елдің саяси жүйесін демократияландыру жолындағы маңызды қадамЖаңа Ата Заңда мемлекеттілікті нығайтуғаТәуелсіздікті күшейтуге және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға баса мән берілгенСондықтан конституциялық реформа заң мен тәртіп қағидатынаазаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауғақоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және орнықты даму бағдарына табан тірейді»– деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы жаңа Конституция жобасы «Әділетті Қазақстан» идеясын жүзеге асырудың құқықтық негізін қалайтынына назар аудардыҚұжатта елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға және халықтың бірлігін нығайтуға берік кепіл болатын басымдықтар қамтылғанБұл жаңа Ата Заңның адамға бағдарлануынмазмұнының айқындығын және қоғамды ұйыстырушы рөлін айқын көрсетеді.

«Жаңа Конституция жобасы – өткеннің инерциясынан саналы түрде арылыпзаманауи мемлекеттік модельге көшуАта Заңдағы тұжырымдамалық өзгерістердің бірі адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекіту екені анықЖаңа Конституцияда дәл осы қағида мемлекеттік құрылым жүйесінің іргетасына айналадыБұл – «Әділетті Қазақстан» идеясын декларация деңгейінде емеснақты конституциялық нормалар арқылы жүзеге асыру деген сөз»– деді Палата Спикері.

Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция жобасын тарихи құжат деп атапбұл шешім қоғамдық келісімнің жаңа үлгісіне көшу және ішкі сұраныстар мен сыртқы сын-қатерлерге берілген уақытылы жауап екенін де тілге тиек еттіОл конституциялық реформаны сараптамалық тұрғыдан ілгерілетудің маңызына тоқталыпосы идеяларды нақты тетіктергеалдағы уақытта қабылданатын заңдарға және құқық қолдану тәжірибесіне тиімді енгізу қажет екенін айтты.

«Жаңа Конституция алдағы жылдарда Қазақстанның тұрақтықауіпсіз әрі серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік және саяси құрылымды қалыптастыруға негіз боладыБұл қадам қазіргі және келешектегі сын-қатерлерді еңсере алатын тиімді жүйе құруға жол ашадыҚазір егемендікті күшейтугеТәуелсіздікті нығайтуғаеліміздің қуатты дамуына жағдай жасауға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға баса мән беруіміз керекСонда ғана Қазақстан әлемдік экономика мен саясатта лайықты орнын иелене алады»– деді Сенат Төрағасы.

Талқылау барысында сарапшылар мен талдау орталықтарының өкілдері алдағы референдум аясындағы бірлескен жұмысқа қатысты ұсыныс-ойларын айтыпөзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Сапар аясында Сенат Төрағасы Абай атындағы республикалық мектептің материалдық-техникалық базасыменоның ішінде БҰҰ кабинетінің және білім ордасындағы музейдің қызметімен таныстыСондай-ақ қалалық кітапхана ұжымымен және мегаполистің белсенді жастарымен кездестіОдан бөлексенаторлар Yandex Qazaqstan-ның кеңсесіне барыпеліміздегі цифрландыру үдерістерін одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT