Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылы Ойыл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 2024 жылғы 31 наурызда сағат 17:45-тен бастап Миялы ауылының тұрғындарын Халықты қабылдаудың 3 пункті бойынша ішінара эвакуациялау басталды.
Сағат 20:30-дағы жағдай бойынша Миялы ауылының 559 тұрғыны, оның ішінде 327 бала эвакуацияланды. 1. Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп: 210 адам, оның ішінде 124 бала; 2. Ы. Шореков атындағы мектеп-гимназиясы: 79 адам, оның ішінде 53 бала; 3. "Нұршуақ" балабақшасы: 270 адам, оның ішінде 150 бала; Тұрғындарды эвакуациялауға ТЖД 12 қызметкер, 2 бірлік техникасы; ЖАО 6 қызметкері 4 техникасы жұмылдырылды. Қоғаммен байланыс тобы